СТЕМ-зертхана деген не деген сұраққа келетін болсақ, ол, біріншіден-білім берумен қоса, сол білімді қалай пайдалануға болатынын үйретіп, көрсететін жер, алаң. Мектепті бітірген бала әрі қарай университетке түсетін кезде, болмаса жұмыс істеп кететін
болса, біздің нарықта бәсекелес мамандықтарға ие ме, ие емес пе? Егер құрылыс компанияларын алып қарайтын болсақ, олардың жұмыс істейтін резюмелерінде қандай бағдарламаларды білу керек, AutoCAD па, Blender ме деген сияқты мәселелерді
шешіп, соны осы лабораторияларда мұғалімдерге үйретеміз. Ал мұғалімдер кейін осының бәрін балаларға үйретсін деген мақсатта жұмыс жасаймыз деп STEM Academia оқыту лабораторияларының негізін салушы Мағжан Кистаубаев атап айтты.