Жангир Джумагулов: “ІТ – бұл өзіңді дамыту үшін шексіз мүмкіндік.”
Менің атым – Жангир, 15 жастамын, Алматы қаласында тұрамын, №94 мектеп-гимназияда, 10-сыныпта оқимын.
2009 жылы бірінші компьютерді сатып алғаннан кейін, 5 жасымда ІТ саламен айналыса бастадым. 2016 жылы, ойындарды әзірлеу қызықтырған кезде алғашқы қадам жасадым, «Cry Engine 3» және 3D модельдеуге арналған «Blender» бағдарламасын зерттей бастадым.
ІТ саласына деген сүйіспеншілік менің әуесқойлығымнан және жаңа саланы тануға деген құмарлығымнан келген сияқты. ІТ – бұл өзіңді дамыту үшін шексіз мүмкіндік.
Мен робототехника бойынша көптеген Хактондар мен сайыстарға қатыстым, бірақ ең басты жетістіктерім екеу деп есептеймін: 3D модельдеу бойынша хакатондағы жеңіс және Орта Азиядағы БҰҰ ең ірі моделі «NSWMUN» Head of IT Department қызметім.
-Сенің болашаққа жоспарың қандай? Қандай университетке түскің келеді? Қандай мамандықта оқығың келеді?
Мен Германияға «Деректер туралы ғылым» мамандығы бойынша оқуға түсуді жоспарлап отырмын.
-Бағдарлама жасаумен енді айналысып жатқандарға қандай кеңес бересің?
Ең бастысы – ықылас, егер ықылас болса, адам нені болса да тани алады.
-Өз болашағыңды қалай елестетесің?
Көпшілігі болашақты «Cyberpunk» немесе «Space Odyssey 2001» түрінде көреді, бірақ мен мүлде басқаша ойлаймын. Болашақ біздің қазіргі әлемімізге ұқсас болады, бірақ адамзат ақылды техниканы барлық жерде қолданады. Қарапайым шәйнек адамдарды Айға ұшырған ракетадан жүз есе жетілдірілген болады. Data Science және ИИ — қызметтің барлық салаларында дерлік қолданылатын болады.
-Біздің елімізде STEM қаншалықты дамыған деп ойлайсың?
Мен STEM Қазақстанда дамымаған деп есептеймін, мектептегі білім заманауи үрдістерден артта қалып келе жатыр, мектептерде жақсы компьютерлер жоқ, бұл заманауи оқытуға мүмкіндік бермейді.
-Қазақстан мектептерінде STEM-ді қалай дамытуға болады?
Мен алдымен адамдарға біздің мектептегі білім сапалық тұрғыдан ескіргенін түсіндіру керек деп ойлаймын. Адамдар мұны түсінгеннен кейін мұғалімдерді қайтадан мамандандыру керектігін және жыл сайын біртіндеп білімді кемелдендіру керектігін түсінеді.