«Өнерлі өрге жүзер, талаптыға нұр жауар!»
«Өнерлі өрге жүзер, талаптыға нұр жауар!»
Ө Н Е Р Т А П Қ Ы Ш Н Ұ Р Ж А Н
Қантөре Нұржан Әуесханұлы Шымкент қаласындағы жол-көлік колледжінде оқиды. «Мектепте ізденімпаз және жасампаз шәкірт болғандықтан, бастауыш сыныптан бастап, облыстық және республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі ғылыми жоба байқауларына қатысты», - деді әкесі, әрі ғылыми жетекші-кеңесшісі БҮРКІТ Әуесхан Қантөреұлы.ҚАНТӨРЕ Нұржан Әуесханұлы
Жоба жетекшісі: профессор Ә.Қ.Бүркіт.
Күн батарейкалы жапырақ жинағыш квадроциклді сынақтан өткізуде.
«Күн батарейкалы жапырақ жинағыш квадроциклдің сызбасы, 2015 ж.
«АРХИМЕД & Perpetuum mobile» жас конструкторлар мен дизайнерлердің Кіші Академиясының жас техниктері жайлы «Күрең тұлпар» қоғамдық бірлестігі түсірген бейнебаянды «ТVK» телеарнасы теледидардан көрсетті.
Қантөре Нұржан Әуесханұлы «Күн батарейкалы жапырақ жинағыш роботмобиль» атты ғылыми жоба жұмысын сәтті қорғауда. Ғылыми жетекші – кеңесшісі: РЖА Кеңесшісі, «Нобель» медалінің иегері Бүркіт Әуесхан Қантөреұлы, 2013 ж.
Атап айтқанда, 2009-2019 ж.ж. «Әуезов оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында мектеп оқушыларының үздік жобаларының көрмесінде «Күн батарейкалы жапырақ жинағыш электромобиль» атты тақырыпта «IT және робот техникасы салалары» бойынша жүлделі орындарды иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Соның ішінде, 2015 жылы Мәскеу қаласында өткен «Портфолио» атты ғылыми-зерттеу және шығармашылық халықаралық фестивалінде арнайы «БАС ЖҮЛДЕ» иеленіп, «ЮНЫЙ ТЕХНИК» медалімен марапатталды.
2016 жылы Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Шымкент қалалық білім бөлімінің әдіскері Салибекова Мадина Шанабекқызы ұйымдастырған «ROBOLAND» - робот техникасынан робот жинаудан тұңғыш қалалық байқауға «Траектория» категориясына қатысып, жүлделі 1-орынды иеленді.
2017 жылы «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру)» облыстық жарысына «Заманауи роботмобиль» атты ғылыми жоба тақырыбымен қатысып, жеңімпаз деп танылып, II дәрежелі диплом алды. «Болашақ энергиясы» тақырыбында «Балалар бастауы-2017» әлеуметтік жобалардың облыстық байқауына «Баламалы күн энергиясымен қуаттанатын ақылды үй» атты тақырыппен қатысып, жеңімпаз ретінде III дәрежелі диплом алды. «Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника «Қазроботикс» федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «KazRoboProject-2017», «KazRoboProject-2018», «KazRoboProject-2019» республикалық чемпионатының облыстық кезеңінде ғылыми жоба категориясына «Заманауи роботмобиль» атты тақырыппен қатысып, I, II, III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ, «Жас ғалым» республикалық журналының «ЭКСПО-2017» ғылыми жоба байқауына «Болашақ көліктер» атты тақырыпта ғылыми жоба жасап, жеңімпаз ретінде «Жас ғалым» медалін иеленді.
Шымкент жол-көлік колледжінің өнертапқыш шәкірті, болашақ инженер-конструктор, көлік механигі, көлік дизайнері Қантөре Нұржан Әуесханұлы көп балалы педагогтар отбасында дүниеге келген. Ата-анасы «Альфред Бернхард Нобель, 2013» медалінің иегерлері. Содан да болар, білім және ғылымға, өнертапқыштыққа деген құштарлығы ерекше. Көп ізденеді, әсіресе, оны инженер-конструкторлық мамандық бойынша автомобиль мен электромобиль, роботмобильді құрастыру айрықша қызықтырғандықтан, Шымкент жол-көлік колледжіндегі бірнеше мамандықтың ішінен «Көлік механигі» заманауи мамандығын таңдауының сыры осыдан болар?!
Сондай-ақ, Қантөре Нұржан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «АРХИМЕД & Perpetuum mobile» жас конструкторлар мен дизайнерлер Кіші Академиясы, «IT» орталығының «Робот техникасы» үйірмесіне белсене қатысып келеді. Нұржанның ғылыми жетекші-кеңесшісі, әрі әкесі Бүркіт Әуесхан Қантөреұлы - Ресей Жаратылыстану Академиясының Кеңесшісі, «Нобель» медалінің иегері. Ал, ОҚМУ тарапынан ғылыми-жетекші-кеңесшісі Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Наурызбаев Қалдыбай Күлсінбайұлы.
Жуырда, Қантөре Нұржан озық идеясы мен өнертапқыштығы үшін «АРХИМЕД & Perpetuum mobile» жас конструкторлар мен дизайнерлердің Кіші Академиясының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сонымен қатар, «50 үздік есім - Қазақстанның болашағы» атты жобаға (www/uniquekazakhstsn.info/ru/action/50-imen-budushchego kazakhstan сайтындағы) – «Интернет-энциклопедияға» «Нұржанның есімі» мен ғылыми жоба жұмысының нәтижесі енгізілді.
Болашақ академик Қантөре Нұржан Әуесханұлына «50 имен будущего Казахстана» жайлы интернет-энциклопедиялық альбом-журналын М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғұлама ғалымдары құрметпен табыстауда.
Шымкент жол-көлік колледжінің директоры Искакова Гүлзат Үкібайқызы: «Мектептің қай-қайсысы да шәкірттерінің санымен емес, даңқымен даңқты» деп ғалым Н.И.Пирогов айтқандай, үздік колледжіміздің шәкірттері санымен ғана емес, даңқымен де арта берсін дей келе, өнертапқыш Нұржанның әлемі нұрлана берсін, әрі одан тың идеялар мен өнертапқыштық дүниелерді күтеміз. Біз Нұржанға барлық кезде қолдау көрсетеміз.
Оңтүстіктің өнертапқыш өрені Қантөре Нұржан Әуесханұлы Шымкент жол-көлік колледжінің ғана емес, Мәңгілік Қазақ Еліміздің даңқты ұлы деп атауымызға әбден болады.
Қантөре Нұржан Әуесханұлының жасаған күн батарейкалы жапырақ жинағыш квадроциклдің макетінің жұмыс істеу принципі күн батарейкасымен жұмыс істейді. Күн батарейкасы «Муравей» мотороллеріне орнатылған. Сонымен бірге шаңсорғыш құрылғысы да бар. Шаңсорғыштық жұмыс істейтін негізгі бөлігі— ауа сорғыш агрегат (коллекторлы электр двигательден жетегі бар желдеткіш) болып табылады. Ол агрегат желдеткіш тудыратын ауа ағынының көмегімен ауаны ішке сорып алады. Шаңсорғыш, бұлардың сыртында, бірнеше қондырғысы бар кеңірдек тәріздес иілгіш штангімен жабдықталады.
Дегенмен, бұл шаңсорғыш шаңды ғана емес, күзді күні ағаштың жапырақтарын жинай алатын қуаты бар. Күздің күні көшедегі жапырақтарды тазалау үшін адамдардың жұмысын жеңілдетуге арналған – күн батарейкалы жапырақ жинағыш квадроцикл.
«АРХИМЕД & Perpetuum mobile» жас конструкторлар мен дизайнерлердің Кіші Академиясының жетекшісі, Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, «Нобель» иедалінің иегері Наурызбаев Қалдыбай Күлсінбайұлы: «Күн батарейкалы жапырақ жинағыш квадроциклдің идея авторы - Шымкент қаласының жол-көлік колледжінің студенті, «АРХИМЕД & Perpetuum mobile» жас конструкторлар мен дизайнерлердің Кіші Академиясының мүшесі Қантөре Нұржан Әуесханұлы. Ғылыми жетекшілері: «АРХИМЕД & Perpetuum mobile» жас конструкторлар мен дизайнерлердің Кіші Академиясының жетекшісінің көмекшісі, Ресей Жаратылыстану Академиясының Кеңесшісі (ғылыми атағы), «Нобель» медалінің иегері Бүркіт Әуесхан Қантөреұлы мен әдіскер-физик Салибекова Мадина Шанабекқызы. Ал ғылыми кеңесшілері: Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, «Нобель» иедалінің иегері Наурызбаев Қалдыбай Күлсінбайұлы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Тағаев Нұрлыбек Сейдуллаұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор Арапов Батырбек Рахметұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор Сатаев Марат Исақұлы, Ресей Жаратылыстану Академиясының кеңесшісі Жүсіпбеков Әлмахан Қалжанұлы. Біз ғалымдар тарапынан авторлардың өнертапқыштық жұмысын, нағыз өнертапқыштық деп мойындап, оны келешекте отандық өнім ретінде Қазақстанда шығару үшін патенттеуге, яғни авторлық куәлікті иемденулеріне қолдау білдіріп, ғылыми-әдістемелік, техникалық мәселелерге университет тарапынан көмек көрсетеміз». Өнертапқыш өрен Нұржан Қантөре мен әкесі, әрі ғылыми жетекшісі Бүркіт Әуесхан Қантөреұлының осы ғылыми жоба жұмысының авторы екендігін «Күрең тұлпар» қоғамдық бірлестігі бейнероликке түсіріп, оны арнайы телеарналардан көрсеткен болатын. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов де университетімізде өткен халықаралық көрмеге қатысып, Нұржанның өнертапқыштық жұмысына қолдау білдірген болатын. 2016 жылдың қаңтар айында жарыққа шыққан «Қазақстанның болашағы – 50 үздік есім атты кітаптың 28-бетінде арнайы мақала жарияланғаны әлемге аян. Сондай-ақ үстіміздегі жылдың наурыз айы бойы «Қазақстан» ұлттық телеарналары мен «Қазақстан-Шымкент» телеарналары теледидардан көрсетті.
Алдағы уақытта біз бұл жобаны жетілдіруге атсалысып, экологиялық таза өнім, әрі отандық өнертапқыштық ғылыми жоба жұмыс ретінде «Отандық пайдалы роботмобиль» ретінде патенттейміз, - деді ОҚМУ-нің ғылыми істері жөніндегі проректор техника ғылымдарының докторы, профессор Марат Исақұлы Сатаев.