Талап таудан да асырар
-Өзіңіз туралы айтып беріңіз.
Есімім Қуаныш. Биыл Физика Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін аяқтадым.
Кішкентай кезімнен заттардың құрылысына қызығамын. Атамның гаражында түрлі құбырлардан ойыншық құрастырып, ұзақ ойнайтынмын. Мектеп кезінде бірінші рет “Сумо” деп аталатын, жарыстарға қатысатын робот жасадым. Кейін жануарлардың қимылын қайталайтын қолтырауын, піл пішінді робот құрастырдым. 8 сыныпта оқып жүргенде Шымкенттегі құбыр жүйесінің жарылғанын, соның кесірінен бірнеше күн бойы көлік кептелісі болғанын көрдім. Сол күні құбыр тазалайтын робот жасау идеясын бастап, жүзеге асыруға бел будым
-Робототехникамен айналысуды қашаннан бері айналысасыз?Физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің Ұстаздары робототехникаға деген қызығушылықты оятты. 7 сыныпта бағдарламалау мен физика заңдарының үйлесіміне қатты таңқалғанмын. Сол кезден робототехника әлеміне сапарым басталды.
-Робототехника бойынша қандай конкурстарға қатыстыңыз? Тағы да қандай конкурстарға дайындық боп жатыр?2019 жылы Қытайдағы Макао қаласындағы "Castic 2019" халықаралық байқауында 47 мемлекет және 439 қатысушы арасынан 2 орынға ие болдым. Жарыс Қытайдың Ғылым және технология ассоциациясының қолдауымен өткен.
2018 жылы әлемнің ең беделді Stanford University-нде 2 апталық ғылыми курсты сәтті аяқтадым.
2017 жылы Қазақстан делегациясы атынан Қытайдың Пекин қаласында 35 мемлекеттің қатысуымен өткен «Road and Belt» ғылыми лагерінде окуды аяктадым
2017 дылы «3 2 1 Старт» әлеуметтік жобаларды қолдау сайысында 1 орын иеленіп, 1млн тг көлеміндегі ынталандыруға ие болдым. Осы қаражатқа құбыр тазалайтын роботтын алғашқы нұсқасы жасалды.
2017 жылы Қазақстан Республикасы 25 жылдығына орай Қаратау әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткізілген «Тәуелсіз ел жастары» аудандық 2 жастар форумына қатысып, «Үздік өнер тапқыш» номинациясына ие болдым.
Қазір ЖОО түсу процессіне және түскен ЖОО-дағы оқудың басталуына байланысты уақыт жеткіліксіздігі байқалуда
-Тағы да қандай қызығушылықтарыңыз бар? Немен айналысасыз?
Пандемияға дейін 11 жыл бойы кәсіби деңгейдегі жүзумен айналысатынмын. Мектеп жастары арасындағы ұйымдастырылған жүзуден жарысқа қатысатынмын. Одан бөлек уақыт босағанында мектебіміздегі мобильді фотография үйірмесіне қатысытынмын және коммерциялық емес ұйымдармен бірге волонтерлікпен айналысатынмын.
-Сіздің болашаққа жоспарыңыз қандай? Қандай университетке түскіңіз келеді? Қандай мамандықта оқығыңыз келеді?
ЖОО аяқтап өз мамандығымда жұмысты бастау. Пайдасын тигізетін кәсіпті табу. Канада, АҚШ, Қытай, Литва және т.б. елдердің алдыңғы қатарлы ЖОО шақырту қағазын алдым, бірақ ғаламдық жағдайға байланысты оқуды Назарбаев Университетінде жалғастыратын болдым.
-Бағдарлама жасаумен енді айналысып жатқандарға қандай кеңес бересіз?Мақсаттарыңыздан тайынбау. Еңбекқорлықпен тапсырмаларды орындау, көбірек білуге дағдыларды дамытуға ұмтылу. Қазақстанда IT саласы енді даму үстінде - бәсеке өте төмен. Қазір осы салаға үлкен назар аударылып жатуда, мүмкіндіктер өте көп. Осы мүмкіндіктерді бақылап жүруге кеңес беремін.
-Қазақстан мектептерінде STEM-ді қалай дамытуға болады? Өз ойыңызды айтсаңыз.
Жалпы орта білім мектептері робототехника құрал-жабдығымен қамтылу жұмыстары енді қолға алыну үстінде. Бірақ робот жасауды үйрететін білікті мамандар жетіспейді. Қазақстандағы робототехника саласын Иран, Біріккен Араб Әмірліктері пайдаланатын тәжірибені енгізу арқылы дамытуға болады. Олар бірінші кластан бастап балаларға нанофизика, нанобиология үйретеді. Ерте жастан балалардың қызығушылығын оятып, қандай мамандыққа икемі бар екенін ертерек таниды. Ал бізде қарапайым физика, биология пәндерін тек 7 және 8-класта өтеді. Әйтсе де елімізде бұл сала болашақта дамитынына сенемін-«Білім керуені» жобасына қандай тілек айтасыз?
Білім саласындағы енгізіп жатқан инновациялық шешімдеріңіз болашақта үлкен қолданысқа ие болуына тілектеспін. Сұқбатқа шақырғандарыңызға рақмет!