STEM-жобаларын іске асыру арқылы өңірлік экологиялық проблемаларды шешу
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде.
Ал Назарбаев зияткерлік мектеп оқушылары экологиялық проблемаларлы STEM білім беру әдісі арқылы жаңа жобалар құрастырып бізбен бөлісті!
Таймкод жүгірткісі:
00:00-02:35 - STEM оқыту әдісі деген не?
02:35-03:20 - STEM жобасын іске асырудың 7 кезені
3:20-9:20 - Оқушылардың ғылыми жобасының барысы және зерттеудің мақсаты.
Авторлар:
Ақтау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, физика пәннің мұғалім-модераторы Лизавета Хамитова,
Ақтау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, биология пәннің мұғалім-модераторы Гульжан Нусипжанова,
Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, математика пәннің мұғалімі Мұхтар Бегайдаров.
Бұл бейне-сабақ Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ және «Білім керуені» жобасымен бірлесіп түсірілген.
«Білім керуені» - «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын қазақстандық білім беру жобасы болып табылады.
2020 жылдың маусым айынан бастап «Білім керуені» кәсіптік қоғамдастық қалыптастыру, STEM дағдыларын дамыту және STEM білім беруді дамыту векторын анықтау мақсатында мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға және оқушыларға арналған онлайн-курстар, семинарлар, интенсивтік және ақпараттық сабақтар - білім марафонын Қазақстан бойынша өткізіп келеді. Жобада білім беру, инклюзия және STEM бағыттары бойынша қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысады.