Перейти к основному содержанию

Тематический план

  • Орта білім берудегі жаһандық тенденциялар - мұғалімдердің біліктілігін арттыру бөлім 2

    STEM және болашақ мамандықтары бойынша сұранысқа ие дағдылар. Сіздерді 24-28 тамыз аралығында өтетін «STEM және болашақ мамандықтары бойынша сұранысқа ие дағдылар» онлайн-семинарына шақырамыз!

    Цифрландыру және болашақ мамандықтары.

    Онлайн-тренингтер сериясы.

    Аудитория: мектеп оқушылары, ата-аналар, білім беру менеджерлері, мектеп әкімшілері, мұғалімдер.

    Спикерлер:

    Саясат Нұрбек, BTS Education білім беру орталығының жетекшісі,

    Евгений Виноградов, болашақ мамандықтар атласы жобасының жетекшісі, Мәскеу менеджмент мектебі СКОЛКОВО.

    Бұл онлайн-курс «Білім керуені» жобасы аясында түсірілген. «Білім керуені» - «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын қазақстандық білім беру жобасы.

    2020 жылдың маусым айынан бастап «Білім керуені» білім беру марафоны - кәсіби қоғамдастық қалыптастыру, STEM дағдыларын дамыту және STEM білім беруді дамыту векторын анықтау мақсатында мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға және оқушыларға арналған онлайн-курстар, семинарлар, интенсивтік және ақпараттық сессияларды Қазақстан бойынша өткізіп келуде. Жобаға білім беру, инклюзия және STEM бағыттары бойынша қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысады.