«NXplorers» курсына кіріспе
1. NXplorers дегеніміз не?
Сіз NXplorers бағдарламасын оқуға кірісесіз, ол сізді STEM-білім беру саласындағы нақты алгоритммен таныстырады және сіздің педагогикалық тәжірибеңіз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
«STEM-білім беру – бұл шынайы өмірдің мәселелерін шешу дағдыларын дамытуға бағытталған пәнаралық тәсілдеме және оған білімді, технологияларды, инженерияны, математиканы зерделеу кіреді, бірақ олармен шектелмейді.
STEM-білім берудің негізгі пайдасына бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу, икемді жұмыс күші, біліктілігі жоғары мамандар, халықтың цифрлық, ғылыми және инженерлік сауаттылығы кіреді.
ЖОО мен мектептерде STEM білім берудің бірыңғай әдістемесі жоқ»
«Қазақстандағы STEM-білім беру: ағымдағы ахуалы және даму келешектері» зерттеуінен.
Толығырақ оқыңыз
STEM-білім беру әлемдегі жетекші елдердің білім беру жүйесіндегі басымдық екеніне қарамастан, бірыңғай әдістеме жоқ және STEM жүйесін мектеп бағдарламасына интеграциялау кең білім мен педагогикалық шеберлікті талап ететін күрделі әрі әрқилы тапсырма болып табылады.
NXplorers бағдарламасы STEM-білім беруді енгізу тапсырмасын, айтарлықтай жеңілдетеді, себебі кешенді тапсырмаларды шешудің дайын алгоритмі болып табылады.NXplorers – бұл STEM саласындағы Shell білім беру бастамасы. Бұл – инновациялық білім беру бағдарламасы. Ол жастарды кешенді әрі креативті ойлаумен таныстырады (STEM ойлау тәсілі), оң өзгерістер үшін қажет.
Бағдарлама мәселелерді шешудің 3 кезеңін, қолданылуы тиіс 5 ойлау түрін және 12 құралды сипаттайды.
Егер балаларыңызды ойлануға және
әртүрлі мәселердің шешімдерін өз бетінше табуға үйреткіңіз келсе,
онда NXplorers құралдары сізге көмектеседі.
2. Курс қалай құрылған?
Алдымен сіз тренингте NXplorers бағдарламасымен танысасыз, содан кейін тереңірек зерделейсіз, соңында өз оқушыларыңызға NXplorers құралын үйретесіз.
"
…Оның ерекшелігі – тәжірибелік
тұрғыдан лезде қолдану мүмкіндігінде…
"
Бағдарлама өте қолданбалы. Оның ерекшелігі – тәжірибелік тұрғыдан лезде қолдану мүмкіндігінде. Оқушыларды оқытқаннан кейін олар үйренген дағдыларын бірден қолдана алады және жобалардың конкурстарына қатыса алады. Конкурстың финалисттері өз шешімдерін жүзеге асыру үшін ақшалай грант алады.
ТРЕНИНГ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАТЫСУ СЕРТИФИКАТЫ (тренингті аяқтағаннан кейін ғана) немесе ЖОБА БАРЫСЫНДА 3 түрлі сертификат АЛА АЛАСЫЗ.
СЕРТИФИКАТ алу шарттары
-
Толық 2 күндік тренингке қатысу
-
Оқу платформасына тіркелу және тапсырмаларды жіберу
-
20+ оқушыны оқыту (бір сынып)
-
Оқушылардан кері байланыс
-
Атырау және Орал қалаларында Фестиваль қатысушыларының тіркелуі
Кіріспе кездесудің презентациясын көру:
3. Жеке білім беру мақсаттары
Осы курстан не үйренгіңіз келгені туралы ойланып көріңізші.
Сіз қандай нәтиже күттіңіз?
Қандай жаңа білімді үйренгіңіз келеді?
Қандай дағдылар бар?
Өзіңіз күткен нәтижені құрастырып, оларды төменде жазыңыз. Бұл Сіз үшін ерекше маңызды сәттерді айқындауға және оларға көп назар аударуға көмектеседі.
-