STEM-білім беру жүйесін мектеп бағдарламасына кіріктірудің тиімділігі
STEM-білім беру жүйесін мектеп бағдарламасына кіріктірудің тиімділігі Курманбаева Балауса Умбеткалиевна
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №44 мектеп-гимназиясы,
Технология пәні мұғалімі
Қазіргі кезде цифрлық технологияның жедел дамуы мен адам қызметінің барлық саласын цифрландырудың жылдам дамуымен байланысты STEM білім беру маңызды және өзекті мәселе, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ерекше назар аударуды талап етеді. Н.Ә. Назарбаев
Қазіргі қоғамда заман талабына сай адам іс-әрекетінің барлық салаларында еркін қолданысқа енген ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық технологияларды тиімді қолдану сандық үлгіде көрсетілген әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді. Білім берудің басым бағыттарының бірі оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру ғылым, техника, медицина, білім беру және мәдениет саласынына негізгі әсерін тигізуі мүмкін.
Адамзат баласына ауқымды өзгерістер мен жарқын болашақ әкелетін салалар STEАM пәндерінің (Science, Technology, Engineering, Аrt and Mathematics) қиылыстарында жатыр.Ғылым, математика, технологиялар және инженерия сияқты басты академиялық салаларда бір мезгілде даму керек, оларды STEM (science, technology, engineering and mathematics) деген бір сөзбен біріктіріп атауға болады.
STEM дегеніміз – оқытудың біріктірілген тәсілі.Ол оқушылардың 21-ші ғасырда табысқа мен бәсекеге қабілеттіліктің қажет негізгі дағдыларын дамытуға бағытталған.
STEM- білім беру инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі.Ол оқушының сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуына мүмкіндік береді.
STEM - сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. Қазір бұл түсініктің жаңа нұсқалары пайда болды, солардың ішінде анағұрлым кең таралғаны STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика)
Қазіргі кезде STEАM-білім беру жүзеге асуда . Бұл 2016-2019 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында STEАM мән‐мәтінінде көрсетілген орта білім мазмұнын жаңартуға көшудің дәлелі. Жаңа білім саясатын жүзеге асыру мақсатында жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, өнер және математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEAM элементтерін оқу бағдарламаларына қосу жоспарлануда.
Қазіргі таңдағы білімге STEM ғана емес, STEAM қажет. Яғни STEM курсының пәндеріне А (Аrt) қосылады. Шығармашылықсыз жаңа ғылыми идеялар мен жаңалықтарды тудыру мүмкін емес. «Өндірушінің қозғалысы» деп аталатын қазіргі дәуірде әрі жасампаз, әрі тұтынушы адамның қабілетіне аса мән беру мәдени үрдіске айналуда.
STEАM-білім берудегі Arts (өнер) ұғымы ‒ шығармашылық. Көркем өнер пәндерінің белсенділігі кез келген инновациялық мәселелерді шешуде жасампаз тұжырым ұсынуда, ал оның түйіні Arts-білім беруде жатыр.STEAM-білім беруде өнердің түрлі бағыттарын қарауға болады:– кескіндеме, мүсін өнері, графика, музыка, әдебиет және поэзия, сол сияқты синтетикалық түрлері – театр, хореография, балет, кино, дизайн. STEAM-білім беру жүйесіне көркем шығармашылықты кіріктіру үшін қолданылатын негізгі оқыту әдісі – жобалау. Мысалы, жобалау және математикалық қабілеттері аса айқындалмаған балалар жобалауды эстетикалық жағынан жүзеге асыратын топқа көмектесе алады. Бұл технология бойынша жұмыстың маңызды ерекшелігі – жоба бойынша ұжымдық жұмыс түрінің ұйымдастырылуда.
Мектебімізде 7 сыныптарда «Тігін бұйымдарының сызбасын құрастыру және модельдеу» бойынша электифті курс жүргізілуде.
Бұл бағдарламма SAPR грация-330 бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Жалпы бұл бағдарламада дизайн, құрастыру және модельдеу, үлгілерді орналастыру, қажетті материал шығынын есептеу, бір киім үлгісін бірнеше үлгіде ,әр түрлі өлшемдерге өзгерту қарастырылған.
Бағдарламаның мақсаты: SAPR грация-330 бағдарламасы қолдану арқылы оқушыларды компьютерлік жобалау,модельдеу және дизайн қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Оқулық тапсырмалары
- Оқушылар компьютерде жұмыс істеу кезіндегі компьютерлік жүйені құрайтын құрылғылардың мақсаты мен функцияларымен таныстыру;
- Негізгі бөлшектер мен үлгілерді жасау үшін бағдарламаның құралдарын және мүмкіндіктерін қалай пайдалану керектігін үйрету.
- Бұйымды модельдеу жүйелерімен таныс және модельдеу технологиялары туралы идеяны қалыптастыру;
Даму міндеттері
- Өлшем бойынша бұйым сызбасын құрастыру және модельдеуге үйрету.
- модельдеу арқылы есте сақтау, ойлау және, шығармашылық қиялын дамыту;
- АКТ тиімді қолдана білу мүмкіндігі артады.
- технологиялық сауаттылықты қалыптастыру;
- стратегиялық ойлауды дамыту;
Оқу міндеттері
Азаматтық ұстанымды қалыптастыру, ұшқыр ойын шыңдау, жауапкершілігін сезіну,теориялық білімін іс –жүзінде өмірде қолдана білуге бағыттау.
Күтілетін нәтижелер
- SAPR грация бағдарламасында өлшем бойынша бұйым сызбасын дайындайды.
- Бұйым сызбасына өзгеріс енгізіп, модельдейді.
- Бұйым үлгілерін көлемді пішінде шығара біліді.
- Бұйым бөлшектерін өңдейді.
Технология пәнінде тігін бұйымдарының сызбасын құрастыруда STEAM оқытуды қолдану оң нәтиже беруде.Әсіресе тігін бұйымдардың сызбасын жобалау,құрастыру,модельдеу бағытында заманауи технологияларды қолдану, уақытты тиімді пайдаланып, жұмысты сапалы орындауға мүмкіншілік береді. Мысалы оқушылар бұрын тігін бұйымының сызбасын құрастыруда көп уақыт жоғалтса, қазіргі кезде «Сапр Грация» 330 бағдарламасы негізінде алгоритм бойынша қажетті өлшемдерді нақтылай отырып, сызба құрастыруды және модельдеуді үйренеді. Бұл балаға болашақта алған білімін өмірде қолдануына үлкен мүмкіншілік береді.
Қазіргі заманауи мұғалім балаларды оқыта отырып, мектеп қабырғасында алған білімдері өзгермелі әлемге бейімделе алуына көмектесетініне сенімді болуы керек. Себебі ертеңгі күнгі жұмыс орны шығармашылық пен инновацияны талап етеді. Демек, STEAM-білім беру балаларға мәселені шешу, өзара қарым-қатынас жасау, шығармашылық амал-тәсілдерді қолдану мен сын тұрғысында ойлау сияқты ХХІ ғасырдың жасампаз дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Бұл дағдылар барлық оқу кезеңінде кез келген пәннен үлгеру үшін қажет болады. Болжамдар бойынша STEAM сегментіндегі жұмыс орындары жұмыспен қамтудың басқа секторларымен салыстырғанда, алдағы он жылдықта екі есе қарқынмен өсуі мүмкін. Бұл дағдыларды бүгіннен бастап үйрету балалардың болашақ кәсіби қызметке дайын болуына көмектеседі.