Гидропоникадан мастеркласс бөлім 2
Сіздерді 27-31 шілде аралығында өтетін «Мектеп қабырғасынан тыс жерде STEM бар ма?» онлайн-семинарына шақырамыз! Семинарда студенттерге арналған Arduino бағдарламалау, зымыран дизайны және пластикті өңдеу бойынша онлайн мастеркласстар сериялары кіреді.
Спикерлер:
Асылбек Мырзахметов, «USTEM Robotics робототехникасын дамыту қорының» директоры,
Нұрдәулет Досмағамбет, USTEM робототехника қорының халықаралық бағдарламалар бөлімінің бастығы,
Диас Тастанбеков, химия ғалымы.
Бұл онлайн-курс «Білім керуені» жобасы аясында түсірілген.
«Білім керуені» - «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын қазақстандық білім беру жобасы.
2020 жылдың маусым айынан бастап «Білім керуені» білім беру марафоны - кәсіби қоғамдастық қалыптастыру, STEM дағдыларын дамыту және STEM білім беруді дамыту векторын анықтау мақсатында мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға және оқушыларға арналған онлайн-курстар, семинарлар, интенсивтік және ақпараттық сессияларды Қазақстан бойынша өткізіп келуде. Жобаға білім беру, инклюзия және STEM бағыттары бойынша қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысады.