Оқытуды STEM және PBL көмегімен тұтандырыңыз
Тиімді педагогика: мектептегі STEM оқыту құралдары. Сіздерді 17-21 тамыз аралығында өтетін «Тиімді педагогика: мектептегі STEM оқыту құралдары» атты онлайн семинарына шақырамыз!
STEM пәндері бойынша жобалық оқыту.
Бір апталық онлайн-тренинг.
Аудитория: бас оқытушылар, оқытушылар, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері.
Спикерлер:
Шерил Бойс, STEM сарапшысы,
Нұрлан Иманғалиев, USTAZ кәсіптік оқыту орталығының академиялық директоры.
Бұл онлайн-курс «Білім керуені» жобасы аясында түсірілген. «Білім керуені» - «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын қазақстандық білім беру жобасы.
2020 жылдың маусым айынан бастап «Білім керуені» білім беру марафоны - кәсіби қоғамдастық қалыптастыру, STEM дағдыларын дамыту және STEM білім беруді дамыту векторын анықтау мақсатында мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға және оқушыларға арналған онлайн-курстар, семинарлар, интенсивтік және ақпараттық сессияларды Қазақстан бойынша өткізіп келуде. Жобаға білім беру, инклюзия және STEM бағыттары бойынша қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысады.