Орта мектептегі өзгерістер көшбасшысының моделі: Дарындылықты басқару
Жаңадан тағайындалған директор білім беру мекемесінің қабырғасында, кейде оның сыртында болатын барлық нәрсеге жауап береді. Бастаушы іс-шаралар циклінде адаспауға және мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын дұрыс атқаруға, сонымен қатар мектепті стратегия жағынан дамытуға қалай үлгеруге болады?
Біздің вебинарлар сериясы қатысушыларды мектеп қызметінің сапасын бағалаудың халықаралық стандарттарына негізделген орта мектепті өзгерту көшбасшысының моделімен (бұдан әрі - Модель) танысуға шақырады.
Модель 4 модульден тұрады:
1) Оқыту және оқу
2) Мектеп мәдениеті
3) Дарындылықты басқару
4) Жоспарлау және басқару
Барлық вебинарларға қатысуға ниет білдірген тыңдаушыларға тапсырмаларды орындауға және білім керуенінен тиісті сертификатін алуға шақырамыз. Онлайн-курс туралы толығырақ вебинар жүргізушісі, практик-оқытушы, 13 жылдық тәжірибесі бар білім менеджері Арсен Байтуков айтып береді.
Бұл онлайн-курс «Білім керуені» жобасы аясында түсірілген.
«Білім керуені» - «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын қазақстандық білім беру жобасы.
2020 жылдың маусым айынан бастап «Білім керуені» білім беру марафоны - кәсіби қоғамдастық қалыптастыру, STEM дағдыларын дамыту және STEM білім беруді дамыту векторын анықтау мақсатында мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға және оқушыларға арналған онлайн-курстар, семинарлар, интенсивтік және ақпараттық сессияларды Қазақстан бойынша өткізіп келуде. Жобаға білім беру, инклюзия және STEM бағыттары бойынша қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысады.